Балқаштықтар жағдайы төмен оқушыларды мектепке даярлауға көмектесе алады

Балқашта «мектепке жол» акциясы басталды. Шараның басты мақсаты аз қамтылған отбасыларға, көпбалалы ата-аналарға балаларын мектепке дайындауға көмектесу.  Бүгін еріктілер қала ортасына шығып, көмек қолын созар жомарт жандарды іздеді. Акция жайлы мәлемет жазылған парақшаларды таратып, қайырымдылық шарасынан тыс қалмауға шақырды. Ел назарын өздеріне аудару үшін  ән айтып өнерлерін де ортаға салды.

Милана Әмірғалиева – ерікті

«Біз бүгін мектепке жол акциясы жайлы ақпарат беру үшін көшеге шықтық. Ел бұл шараның маңызын түсінгенін қалаймыз. Оқу-құрал, киім қажет балаларға тұрғындар көмектессе дейміз.

Мектепке жол акциясы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтеді. Қазір қалалық білім бөлімінде 12 кабинетте көмекке мұқтаж аз қамтылған отбасылардан және көпбалалы ата-аналардан өтініш қабылдау жүргізілуде. Өткен оқу жылы қала бойынша 1000 балаға мектепке қажетті киімдер, құрал-жабдықтар алынған. Оған 9 млн теңге жұмсалыпты. Оның жартысы мемлекеттік бюджеттен бөлінсе, қалғаны демеушілерден жиналған.

Назима Қасымова – білім бөлімінің бас маманы

«Қазірдің өзін де 10 ата-ана келіп, баласына қандай заттар қажет екенін айтып, өтініш жазып кетті. Біз аз қамтамасыз етілген отбасыларға, ата-анасы жоқ балаларға, көпбалалы аналарға көмек көрсетеміз. Тұрғындар мен жомарт жандарды да қайырымдылық жасауға шақырамыз.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать