Балқаштың орталық кітапханасына 300- ден аса жаңа кітап әкелінді

Балқаштың орталық кітапханасына 300 ден аса жаңа кітап әкелінді. Сөреде  қазақ және орыс тіліндегі  түрлі жанрдағы басылымдар пайда болды. Оның барлығы оқырмандардың тілегі бойынша жтекізілген. Әр келуші оқығысы келетін кітаптың аты мен авторын жазып қалдырып отырған. Нәтижесінде Алматыдан 300 жаңа кітап жеткізілді. Арасында барлық жанр бар. Фантастика, детектив, тарихи романдар және көркем әдебиет. Тіпті аудио кітап та бар. Диск арқылы 10- нан аса шығарманы тыңдауға болады.

Жұлдыз Мұхамеджанова – кітапханашы

«Оқырмандардың арасында ең сұраныста болған Ермек Тұрсыновтың «Мәмлүк» кітабы. Қазақ және орыс тілінде келді. Келе салысымен оқырмандар алып кетті.  Робертстің «Шантарам» кітабының жалғасы келіп жатыр.  Түрлі бестселлерлер, түрлі фильмдердің кітаптағы нұсқасы келіп жатыр».

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать