Балқашта қорғаушылар мен медиаторлар тегін кеңес береді

Балқаштықтар қорғаушылар мен медиаторлардан тегін кеңес ала алады. 6 тамыз күні қалалық сотта ашық есік күні өтеді. Тұрғындарды қабылдау таңғы сағат 10:30 басталып екі сағатқа созылады. Екінші қабаттағы медиация кабинетінде адвокаттар мен медиаторлар заңға қатысты сұрақтарға жауап беріп, тегін көмек көрсетеді. Мұндай акция Қазақстанның барлық қалаларында өтеді.  Жалпы медиация екі жақтың дауын сотқа жеткізбей шешу. Былтырғы жылы Балқашта 240 іс бітімгершілік жолмен шешілген.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать