Балқашта көпқабатты үйлердің подъезіне ертегі кейіпкерлері бейнеленген

Балқашта көпқабатты үйлердің подъезіне ертегі кейіпкерлері бейнеленген.  Тұрғындар қабырғаларға мультфильм кейіпкерлерінің суретін салып, подъздерін  қара көз тоймас көрікті жерге айналдырған.

Мұхамеджанов м\а 30 үйдің тұрғыны Ольга Богомолова өз отбасымен бірге подеъзді нағыз галереяға айналдырған. Сурет авторы сіңілісі. Ал анасы екеуі бояушылар.  Қабырғаға сурет салуды жоғарыдан бастаған. Қазір 3 қабатқа дейін алтын балық, карлсон, тасбақа  секілді 13 мультфилім кейіпкері бейнеленген.

Ольга Богомолова –.Мұхамеджанов  м\а 30 үй тұрғыны

«Осы жылы қонаққа сіңілім келген. Біздің көршілер одан подъездегі қабырғаларға сурет салуын сурады. Ал біз бояп көмектестік. 1 қабатқа дейін жасамақпыз. Көп суретті интернеттен көрдік.

Ал Сванқұлов көшесіндегі 5 үйдің подъезіне түрлі ою-өрнектер және гүлдер көрік беріп тұр.Сары, көк, қызыл, жасыл. Әр қабаттың өз түсі бар. Картиналардың авторы осы үйдің тұрғыны Лариса Ледовская. Өкінішке орай үйінде болмай шықты. Деседе, көршілері суретшіге дән риза.

Ольга Унтыбекова – Сванқұов көшесі 5 үй тұрғыны

«Біз келген қонақтар 5 қабатқа көтерілгенше таңданумен болады. мен бізде суретші апа тұрады деп мақтанамын. Көршіміз өте таланты. Ерінбей барлық суретті өзі салып, бояп шықты.

Тағы бір көрікті подъезд Томпиев көшесінен табылды. Мұнда тұрғындарды күн сайын  ара, тотықұс секілді ертегі кейіпкерлері қарсы алады. Суретті 7 үй тұрғыны Наталья салған. Көріп, тілдесе алмасадық. Көршілерінің айтуынша әйел сурет салумен шұғылданады. Алғашқы кейіпкерлер бесінші қабатта пайда болыпты. Ал қалғанын тұрғындардың сұрауы бойынша салған.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать