Балқашта 5 баланың әкесі жоғалды

Балқашта 5 баланың әкесі жоғалды. 47 жастағы  Ерғазы Ибраев осыдан бір ай бұрын үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Содан туыстары полицияға жүгінген. Қазір оны тәртіп сақшылары іздеп жатыр. Көрген білгендер болса ІІБ хабарласуын сұрайды. Ерғазы Ибраев 1971 жылы 25 сәуірде дүниеге келген. Балқашта Сәбитова мөлтек ауданында 31 үйде тұрып жатқан. 20 маусым күні пәтерінен шығып, қайтып оралмапты. Үстінде көк футболка, көк трико, аяғына қара туфли болған. Ерекше белгілері, басының оң жаң тұсында және көзі мен мұрнының ортасында тыртығы бар. Сол жақ қолында тату-сурет салынған. Бойы 164. Туыстары және полиция қызметкерлері көрген білген адамдар болса  ІІБ хабарласуын сұрайды. Телефон нөмірлері экранда көрсетілген.  102, 4-16-33 8-775-579-43-55

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать