Балқашта алып асықтар пайда болды

Балқашта алып асықтар пайда болды. Бүгін мәдениет сарайының жанына ұлттық ойынның элементі орнатылды. Олардың саны негізі бесеу. Бүгін үшеуі әкелінді, тағы екеуі ертең жеткізілмек. 1,5 метірлік асықтарды аббаттандыру жұмыстарына жауапты құрылыс компаниясы Алматыдан алдыртқан. Салмағы 30 келі. Олардың орналасу тәртібі өте қызық. Иіргенде түсетін қалпына қарай алшы, тәйке, бүк және шік деп бөлінген. Енді асықтар орналасқан  аймаққа сәкілер  мен қоқыс жәшіктері орнатылмақ.

СНХ:Бақытбек Әбеков-құрылыс компаниясының директоры

«Асықтарды алматылық фирмаға тапсырыс беріп, жасаттық. Кеше әкелінді. Қатты жел кезінде жылжып кетпес үшін, қазір бекіту жұмыстарын жүргіземіз.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать