Зауытта ерекше композиция пайда болды

Зауытта ерекше композиция пайда болды. Жүрек бейнесінде жасалған туындыда «Мен сені сүйемін, Балқаш мыс зауыты» деп жазылған. Мысшылар мерекесіне орай зауыттың ішін әрлеу жұмыстары басталды. Құттықтау сөздері жазылған плакаттар мен баннерлер ілінген.  Ал зауытықтар селфи жасайтын жаңа орын бүгін пайда болды. Инсталяция мыс балқыту цехының маңына орнатылған. Оны өндіріс орнының жұмыскерлері Балқаш мысына 80 жыл толуына орай әзірлепті. Композиция темір металдан жасалған. Биіктігі 2 метр. Түнде жанып тұру үшін,  қазір мамандар жарық тартуда. Ал зауыттықтар болса естелікке фотоға түсуді бастап кетті.

СНХ:Рахат Сопыжанов-мыс балқыту цехының шебер міндетін атқарушы

Бізді әрине қуантады. Осындай жердің пайда болғаны. Суретке түсіп, естелікке қалатындай мемориалдың орнатылғаныны біз қуаныштымыз.

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать