Балқашта демалыс күндері аптап ыстық күтілуде

Демалыс күндері Қарағанды облысында күн ыстық болмақ. Синтоптикердің болжауы бойынша ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі.

Атнотида Подзигун жаз келіп, күн ысыса болғаны бас киім мен көзәйнегін тастамайды. Қауіпсіздікті ұмыптайтын әйел осылайшы күннен қорғанады.

Антонида Подзигун – қала тұрғыны

«Мен түскі 2 мен 5 тің аралығында далаға шықпауға тырысамын. Себебі ол кезде күн өте ыстық болады. Көзілдірік, бас киім, күнге қарсы крем әрдайым жанымда»

Медиктердің айтуынша әсіресе қарттар мен балалар ыстықты көтере алмайды. Ауа температурасы 30 дан асқанда жүрек-қан тамыры ауруына шалдыққан және қан қысымы жоғары тұрғындардың өміріне қауіп төнуі мүмкін.Сондықтанда ондай жандар далаға шықса көлеңкемен жүруге тырысу керек. Ал егер жағдайы нашарлай қалса бірден дәрігер шақырту қажет.

Жасұлан Зулпайдаров – жалпы практика дәрігері

« егер өзіңіздің басыңыздың қатты ауырғаныңызды сезіп, бас айналулар болса немесе мұрныңыздан қан кетсе міндетті түрде дәрігерге қаралған жөн».

Балқаштықтар  ыстықта көлге барып жан сауғалайды. Алайда,  бас киім киіп, күннен қорғайтын крем жағуды ұмытпаған жөн. Ал ішімдіктен мүлдем бас тарту қажет.

Дархан  Қуанбаев –судан құтқару бөлімшесінің басшысы

« Балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар.Мас күйінде суға түспеңіздер. Суға түсуге арналмаған жерге суға түспеңіздер.

Синоптиктердің болжауы бойынша ертеңнен бастап Балқашта күн ысиды. Сынап бағанасы  40 градусқа дейін жетпеседе, 33-37 градусқа дейін көтерілмек. Мұндай ыстық күндер келесі аптаның ортасына дейн жалғасады.

Людмила Минигалиева – инженер-синоптик

«Ауа температурасы жай-жайлап көтеріле бастайды. Мысалы, ертең 31-33 градус. Ал бүрсікүні тағы 2-3 градусқа жоғарылайды».

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать