Балқаштық суретшілердің150 мың теңге ұтып алуға мүмкіндіктері бар

Балқаштықтар қабырғаға сурет салып 150 мың теңге ұтып ала алады. Қарағандыда граффити суретшілердің арасында байқау өтпек.Оған өтініш қабылдау 31 шілдеге дейін жүргізіледі. Осы жылы конкурс 9 — рет өткізілмекші. Ақшалай сыйға ие болам деушілер жұмыстың жобасын алдымен graffiti.k-zharyk.kz сайтына жіберу керек. Іріктеуден өткендер «Тоқ қауіпті»,«Футболдан әлем чемпионаты»,«Астана-арман қала» және «Қарағанды Жарық-бірге 15 жыл» тақырыптары бойынша Қарағандыдағы трансформатор станцияларының қабырғасына сурет салады. Байқаудың басты жүлдесі 150 мың теңге. І, ІІ,ІІІ орын алған қатысушылар да құр қол қалмайды. Ұйымдастырушылар оларды 100, 70 және 50 мың теңгемен марапаттамақ.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать