Балқаш жаңалықтары 2 шілде 2018

1) Ленин көшесінің бойына шілде айынан бастап асфальт төселетін болды. Қазіргі күні 3 шақырым жолға бөлінген 600 млн-ға жуық қаржының 100млн- ы жұмсалып бітті.

2) Балқаштық құтқарушылар ешкіні аман алып қалды. Көлге түспек болған лақ ашық көлге жүзіп кетіп, кері қайтпай қойған.

3) Елімізде 1 шілде күні «Қасиетті домбыра» атты акция бастау алды. Оның аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен дүниеге келген сәбилерге ұлттық аспап тарту етілді. Мұндай сыйлықтан балқаштықтарда құр қалмады. Мереке күні бауыр еті балаларын бауырына басқан жас аналарға домбыра мен гүл шоқтары, алғыс хаттар табыс етілді.

4)Балқашта 1 шілде ұлттық домбыра күнінде 30-ға жуық домбырашы бас қосты. Өнерпаздар Астана аллеясында күй тартып, ән айтып тұрғындардың құлақ құрышын қандырды.

5) Нағыз қазақ емес, нағыз қазақ домбыра.Ұлттық мейрамға орай бүгін біз балқаштықтардың өнерлерін тексердік. Бұқара халыққа домбыраны ұстатып, күй шертіп берулерін өтіндік. Нәтижесі жаман емес. Ұлттық аспапта шеберліктерін әріптестерімізден бастап балалар да жарыса көрсетті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать