Биыл Балқаш көлінде 6 мың тоннаға дейін балық аулауға рұқсат берілді

Биыл Балқаш көлінде 6 мың тоннаға жуық балық аулауға рұқсат берілді. Жалпы көлемдегі мұндай санды үкімет бекітіп отыр.Бұған дейін балық шаруашылығы институтының мамандары арнайы зерттеу жүргізіп, 7 мың тоннаға дейін балық аулауға болады деп болжады. Бірақта,заңсыз балық аулаушылардың барын ескерген үкімет нәпақа санын 1 тоннаға дейін қысқартып тастады. Өйткені, көлеңкелі бизнестен көлдегі балықтар саны азайып кетуі мүмкін. Сол себепті биыл Балқаш көлінде жалпы есеп бойынша 6 мың тонна балықты аулауға рұқсат. Айта кетейік,бүгінде көлдің су деңгейі қалыпты жағдайда. Соның нәтижесінде балық едәуір көбейген, әсіресе көксерке мен ақ-табанның саны өскен. Ал көлде 10 жыл бұрын пайда болған, жыртқыш саналатын жылан балықтың саны тұрақты.

Вячеслав Цой, қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты филиалының директоры:«Біз белгіленген балық мөлшерін одан артық көбейте алмаймыз. Көп балық аулауға рұқсат берсек заңсыз балықшылар артып кетеді.Сәйкесінше балық саны төмендейді. Сондықтан, біз әрбір балықты қадағалап, санап отырамыз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать