Балқаш жаңалықтары 27 маусым 2018

1.Терезеден жиһаз қалдықтары мен кір тасын лақтырған балқаштыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тапа-тал түсте тұрғындарды шошытқан ер адам енді заң алдында жауап беретін болады.

2.Бүгін Техснаб кентіне барар жолды жөндеу басталды. Жеке меншік компания таңертеңнен бері ескі асфальт үгінділерін тасып жатыр. Галина Федотованың балалық шағы осы Техснаб кентінде өткен.

3.Бүгін бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні. Бұл дата алғаш рет Римде бекітіліп, 30 жылдан бері аталып келеді.

4.Балқаш телевизиясының алғашқы жүргізушісі Гүлмара Қызылбаева 80 жасқа толды. 28 маусымда аталып өтетін байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай біздің тілшілер қауымы бүгін ардагер журналистпен кездесіп, мерейтойымен құттықтап қайтты.

5.Бүгін Балқашта кішкентай ханзада мен ханшайым анықталды. Оқушылар сарайында мектеп жанындағы лагерлер арасында байқау өтті.

6.Балқаштық футболшылар Қазақстан біріншілігінде үздік үштікке енді. Бірінші орында BN «Қаскелең» одан кейінгі орында алматылық Мерс. 10 ойынның қорытындысы бойынша Металлург командасы 21 ұпайға ие болды. Ашық біріншілік сәуір айының соңында алматыда басталған.

7.Балқаштық түлектер үшін ҰБТ артта қалды. Енді мектеп бітірушілер алған балына қарай кәсіп таңдап, бір-бір мамандықтың иесі атанулары тиіс.Алайда қазіргі заманда қандай мамандық таңдаған дұрыс? Қандай маман иелері сұраныста? Біз осы сұрақпен бүгін халық арасына шықты. Балқаштықтардың кеңесін бірге тыңдайық.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать