Әбілязовтың жоспарланған митингтер туралы арандату, үгіттеулері — заңсыз

Интернет желілерінде және әлеуметтік желілерде Әбілязовпен және «ДВК» экстремистік қозғалыстың басқа сыбайластарымен арандату бейнероликтері таратылуда, онда «Қазақстан тұрғындары» деп Қазақстан халқын 23 маусымда митингтерге келуге және «ДВК-ның» идеяларын қолдауға үгіттеуде.
Бас прокуратурамен бұл бейнероликтерде «қазақстандық тәрбиешілер мен жұмысшылар» рөлін Киев қаласының кәсіби актерлары және Әбілязовтың туысқандары ойнағандығы анықталған.
Сонымен қатар, қадағалаушы орган митингтерге қатысуға шақыру үгеттеулер «Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Заңның ережелерін тікелей бұзады.
Ашық акцияларды өткізу үшін оны өткізуді белгілеген мерзімнен 10 күн бұрын тиісті арыз бере отырып, жергілікті атқарушы органның рұқсатын алу қажет.
Осыған байланысты, прокурорлар митингтер заңсыз болып табылатынын, оларды ұйымдастыру мен оған қатысқаны үшін әкімшілік жауаптылық, оның ішінде 15 тәулікке қамауға алу көзделгенін естеріңізге салады.
Бас прокуратура Қазақстан халқын экстремистік ұйымның және оның сыбайластарының араңдатушылықтарына ермеуге шақырады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать