Балқаштық түлектер мектеп бітіру кешіне дайындалуда

Балқаштық түлектер  мектеппен  қош айтысар  кешке дайындалуда.  Ертең   қаламыздың  329 оқушысы  үшін  «Үміт  үзбе» мерекелік кеші ұйымдастырылады. Көл  жағалауында әсем әндер  шырқалып, оқушылар соңғы  мектеп вальсін билейді.  Толығырақ  келесі сюжетте.

Мектеп бітіруші кеші – бұл жоғары сынып  оқушылары  тағатсыздана күтетін үлкен мейрам. Сондықтан оны   әдемі етіп  өткізу  үшін  түлектер барын  салуда. Мәселен,  № 17 — мектептің   оқушылары  Эрик  пен Александра бос тұрмай, соңғы  вальс  биін  қайталау  үстінде.

Александра  Степанова,  Эрик Магер — 17  мектептің   түлектері

«Біз  вальс  биін   бір апта  бойы  үйрендік.   Әр  сабаққа  үзбей  қатыстық. Оны  әдемі   билеп шығу  үшін  барымызды  салудамыз. Өйткені  бұл  өмірде бірақ рет болады».

Өмірде бір-ақ  рет  болатын  салтанатты  сәтте  түлектер қызыл кілем үстімен жүріп  өтеді. Сол себептен  табиғаты  сұлулық  пен  нәзіктікке  жақын қыздар көйлектерін басқа қаладан арнайы  алғызған.  Ал оған  ұлдар  қауымы аса мән бермегендей.

түлектер пікірі

 Мен  көйлекті мамыр айында   мерекелер  болған  кезде сатып  алдым.  Өзіме  ұнайтындай.  Барлығы  өзім қалағанымдай. Алматы    қаласынан  сатып алдым.

  Мен  Алматы  қаласынан  алдым. Сәуір  айында  алғам.  Көйлегім 150-190 мың  теңге  аралығында.  Шаш үлгісінің  бәрін    оқу   жылының  басында  дайындап  қойғам.

Мен  костюмді   осы 2-3 ай  бұрын  сатып алғам. 3-4  сағат    аралап жүрдім.  Бағасы  қолжетімді.

Биылғы  ортақ  тәртіпке  сәйкес мектеп  бітіру    кеші  ертең  Қазақстан  бойынша  бір күнде өтеді. Ал  Балқаш   қаласында  Желтоқсан  көшесінің  бойында  кешкі сағат  19.00 басталады. 329 оқушы   ел  алдында   жүріп  өтіп,  үздіктер  қала  әкімінің марапатына  ие  болады. Басты  кейіпкерлер  үшін  1 сағат бойы  300-ден аса өнерпаздар  өнерлерін паш етеді.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать