Қазақстанда Ұлттық домбыра күні пайда болды

Қазақстанда енді шілде айының алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні ретінде аталып өтеді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлттық домбыра күнін белгілегені туралы Ақорда сайтында жарлық жарияланды.

Ұлттық домбыра күні туралы

Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып айқындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі”, – делінген қаулыда.

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать