Балқаш жаңалықтары 11 маусым 2018

1.Балқашта өрттен бір адам қаза тапты. Таңғы 5-те қызыл жалын басталғанда үй иесі ұйықтап жатқан.

2Алматы Екатеринбург трассасында жеңіл көлік пен комбайн соқтығысты. 3 адам зардап шекті. Олар қазір орталық ауруханада ем қабылдауда.

3.Жұмысшы поселкесінде снаряд табылды. Әскери қару Сарсенбаев көшесінде ашық алаңқайда жатқан. Оны көрген тұрғындар құтқарушыларға хабар береді.

4.Мағауия Хамзин атындағы мәдениет сарайында құрылыс жұмыстары жалғасуда. Былтырғы жылдары ғимараттың сырты әктеліп-сырланса, биыл іші жөнделуде.

5.Елімізде жүлде қоры 28 млн теңге болатын Ұлттық инновациялық байқау жарияланды. Дәстүрлі шараға оқушылар мен студенттер, стартаперлер тіпті журналисттер де қатыса алады. Бұдан бөлек сайыс нәтижесінде ең үздік инновациялық аймақ анықталады.

6.Бүгін мың айданда қадірлі-Қадір түні. Оны исі мұсылман қауымы құдайға құлшылық жасап, дұғамен етумен өткізуі тиіс.

 

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать