Гүлшат кентінде күн электр станциясы салынуда

Гүлшат кентінде күн электр станциясы салынуда. Оның қуаттылығы — 40 мбт. Ал құрылыс жұмыстарын қазақстандық Hi-Tech Qazaqstan ЖШС жүргізуде. Мамандар 10 айдың ішінде станцияны іске қоспақ.
Құрылыс жұмыстары траншея қазудан басталған. Кабель тарту үшін әлі 13 км жер қазу қажет. Одан кейін мамандар күн батареяларын орнатуға кіріседі. Күннен қуат алатын жалпы саны 123 мыңға жуық панель қойылады. Ал одан тарайтын энергияны жарық көзіне айналдыру үшін электр станциясы салынады.

Андрей Щестаков-учаске басшысы
«Күн электр станциясының аумағы — 100 гектар. Қазір қоршау тұрғызып жатырмыз. Әзірге 20-дан астам маман жұмыс істеуде. Осы айдың соңына қарай тағы техника әкелінеді. Содан кейін күн батареяларын жоғары көтеру үшін діңгектер орната бастаймыз».

Бұл Hi-Tech Qazaqstan құрылыс компаниясының қолға алған үшінші жобаcы. Бұған дейін Жамбыл облысында 50 мбт 2 күн электр станциясын тұрғызған. Тәжірибесі бар құрылысшылар жаңа жобаны қыс түскенше аяқтамақ ниетте.

Төлеген Аханов- «Hi-Tech Qazaqstan» құрылыс компаниясының бас директоры
«Негізі жопар бойынша құрылысты аяқтау уақыты 2019 жылдың қаңтар айына дейін. Алайда, қыс мезгілінде жұмыс істеу қиындау болатындықтан суық түскенге дейін барлық жұмысты аяқтауға тырысамыз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать