Балқаш қалалық мешітінде сауат ашу курсы ашылды

Құран әліпбесінен дәріс аламын деуші балқаштық оқушылар қалалық мешітке барса болады. Онда биыл діни сауат ашу курстары жалғасын тапты. Қазіргі күні алғашқы маусымға 90 бала қабылданды. Олар бастауыш және жалғастырушы топ болып, білім алуда. Балғындарға мешіт ұстаздары күніне екі сағаттан 15 күн бойы құран әліпбесін үйретіп, аз мерзім ішінде қысқа аяттарды жаттауға көмектеседі. Ал ислам құндылықтарын үйренемін деуші өзгеде балғындар қалалық мешітке барса болады. Балалар 1 сыныптан бастап білім ала алады. Оқу тегін түрде жүргізіледі.

Рауан Айтқазин- қалалық мешіттің наиб имамы
« Егерде дайындық курсына балаларымызды алып келеміз десеңіздер, яғни мектеп арасындағы оқушылар 1 мен 11 сыныпқа дейінгі оқушылар келіп қатысса болады. Оқытамыз. Олардың бірінші қадамы мешітке келіп, имамның атына өтініш жазу керек. Және баланың төл құжатының көшірмесін тапсырады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать