Балқаш жаңалықтары 5 маусым 2018

Көлдің қақ ортасында қалып қойған балықшылар құтқарылды. 2 тұрғынды мамандар 1,5 сағат бойы іздеп, жағаға алып шықты.

Балқаштықтар көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбетіне шағым айтуда. Себебі қатты желден кейін қабырғалардың сырланған беткі қабаты құлай бастаған.

Елімізде 1 шілдеден бастап зейнетақы жаңаша форматпен есептеледі. Соған байланысты енді әрбір қазақстандықтың еңбек өтілі ескеріледі.

Балқашта «Жасыл ел» жастар жасағының маусымдық жұмысы жалғасуда. Биыл үш ай бойы 45 бала шаһардың көгалдандыруы мен абаттандырылуына ат салысатын болады.

Балқаштықтар ҚР Рәміздер күнін ерекше атап өтті. 700 ден аса қаланың жастары көк туды желбіретіп қаланың орталық көшелерімен жүріп өтті.

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать