Балқашта дзюдодан республикалық турнир өтті

Балқашта  жерлесіміз,  спорт  шебері   Сүйіндік  Ариновты   еске  алуға  арналған дзюдодан республикалық турнир  ұйымдастырылды. 140  баланың  басын біріктірген  дүбірлі  дода  дене  шынықтыру  және  сауықтыру  кешенінде   өтті.

Спорт бапкеріне арналған  жарыс  биыл шаһарда   екінші  жыл  ұйымдастырылып,  республикалық  деңгейге  шықты.  Ал оның  ашылу  салтанатына    Сүйіндік   Ариновтың  туыстарымен  бірге  қала басшылығы  қатысып, 6  өңірден келген  140 жас спортшыға  ақ жол тіледі.

Сақатай Аманжолов –С. Аринов  ағасы

« Бірінші рет    облыстық  деңгейде  өткен.Ал қазір  республикалық деңгейде өтіп жатыр. Қатысушылардың  саны көбейді.Балалардың да   салмақтары үлкендері   келіп  жатыр.Және жақсы дайындалған.Енді бұл жылда өтеді.»

Татами  төрінің  алғашқы   кезеңінде  оза шауып,  финалға   жеткендердің  бірі   ақ    киімдегі семейлік  Марат  Нұрсеитов. 60 келідегі   қонақ  жігіт   Саяқ  кентінің  спортшысына  қарсы шығып ,15  минутта  бар  үйренгенін   көрсетті. Үш  жылдық  тәжірибе нәтижесінде  таза  жеңіске жетті.

Марат Нұрсеитов – жарысқа  қатысушы 

«Финалда  қарсыласым  мықты болды.Онымен  қосымша  уақытқа дейін күрестім.Сонда  ұстау  әдісімен 20 сек ұстап  жеңіске жеттім».

Жалпы  екі  күнге ұласқан  жарысқа  Алматы,  Семей, Қарағанды, Астана,  Ақтоғай, Саяқ ауыл-аймақтарынан  келген 140 бала қатысты. Олар 20  салмақ  дәрежелеріне  бөлініп  татами  төріне  шықты. Спорттың  бұқаралағын насихаттауға  арналған  турнир қорытындысына  сәйкес  70 спортшы  жүлделі   орындарға  ие болды.  Барлығын  сыйлықтармен марапатталды.

 

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать