Балқаш жаңалықтары 24 мамыр 2018

Сәтпаев мөлтек ауданында балкон өртке оранды. Үшінші қабатта орналасқан қылтимадағы қара түтін күндіз басталды.

Балқаш –Алматы тас жолында жүк көлігі аударылды. Оқиға қаладан 30 шақырым қашықтықта, шамаман Шұбар-төбек кенті маңында болды.

Балқашта балабақшаға кезекке тұру бұрыңғыдан да қолжетімді болмақ. Оған қоса, балабақшаларды таңдау әркімнің өз еркіне беріледі. Қалада 2018 жылдың 1 маусымынан бастап автоматтандырылған бірыңғай сайт іске қосылады.

Коммуналшылар жарық бағаналарының не себепті құлағанын түсіндірді. Еске сала кетейік, кеше қатты жел кезінде Иванов көшесінде 10 нан аса діңгек қисайып , сымдарға ілініп қалған болатын.

Қазақстандық жүргізушілер нөмір таңдау құқығына ие болды. Сондай-ақ көлігін қайта тіркегендер енді оны тексерістен өткізбесе де болады.26 мамырдан бастап осы және және өзгеде өзгерістер өз күшіне енеді.

Балқаштықтар су жаңа Chevrolet көлігін ұтып алулары мүмкін. Елімізде «Чек талап ет –сыйлық ұтып ал» акциясы басталды. Ол 30 қарашаға дейін созылады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать