Балқашта донор күні өтті

Бүгін Балқашта донор күні өтті. Қарағандыдағы облыстық қан орталығынан мамандар келіп, ниет білдірген тұрғындардан қан алды. Деседе бәрі бірдей донор бола алмайды. Оларға да қатаң талаптар қойылған.

Қан орталығының мамандары әр донор қанын мұқият тексеруде. Алдымен, қан тобы анықталады.Со­­нан соң ВИЧ-инфекциясы, В, С гепатиттері, мерез сияқты ауру­ларлардың бар-жоғын тек­се­ру үшін анализ алынады. Оның қорытындысы кейін зертханада белгілі болады. Ал қандағы майлылық мөлшерін мына аппарат бірден анықтайды.

Диана Сағынтаева – донорларды топтастыру бөлімшесінің терапевт дәрігері

«Мұнда келерде майлы, қуырылған, кептірілген тағамдарды жеуге болмайды. Қанның құрамында май көп болса адам қан тапсыруға жіберілмейді. Себебі ол жарамсыз болып саналады. Қайта тапсырамын десе 3 күннен кейін келе алады. Бірақ, міндетті түрде диета ұстау керек.

Жадос Сәмен барлық тексерістен сүрінбей өтті. Сары ауру, туберкулез секілді ешқандай жұқпалы дертке шалдықпаған. Жүрек-қан тамыры ауруы секілді сырқаттардан таза. Яғни дені сау. Ол бүгін алғаш рет қан тапсырып, донор атанды.

Жадос Сәмен-қала тұрғыны

« Негізі бұрыннан тапсырғым келген. Бір жағынан қан айналымына жақты. Адамдарға көмегім тисе деген ниетпен тапсырғым келді.

Облыстан  келген мамандар таңғы 9 дан бастап кешкі 17:00 ке дейін қала тұрғындарын қабылдады. Сол уақыт аралығында 70 ке жуық адам келіп, қан тапсырған. 450мл сұйықтық үшін әрқайсына 600 теңге сыйақы берілді. Дәрігерлердің ендігі сапары күз айына жоспарланып отыр.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать