Балқашта 16 мамыр күні мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өтеді

16 мамыр күні шаһарда мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі ұйымдастырылады.Шара мәдениет сарайында сағат 15.00 мен 18.00 аралығында өтеді. Осы үш сағатта сіздер үшін барлық мемлекеттік мекеменің мамандары қызмет көрсетуге әзір. Яғни, білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік,жер қатынастары, кәсіпкерлік пен ТКШ бөлімі секілді мекемелерге қатысты сұрақтарға жауап алуға болады. Тіпті, шешілмей жүрген қызмет түрінен де кеңес алып, электронды қызметтің пайдалану жолдарын үйренуге мүмкіндік бар.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать