##i-vengo banner

Жеңіс күніне арналған халықаралық мотошеру Балқашқа келді

Жеңіс күніне арналған халықаралық мотошеру Балқашқа келді. Шымкенттен бастау алған екі дөңгелекті көлік жүргізушілері қалалық мәңгілік алауға барып, бейбіт күнді сыйлаған жандардың рухына тағзым етті.
60 жуық қаланы 45 күнде аралауға шыққан мотошеру 9 мамыр күні Шымкенттен басталды. Осы уақыт аралығында мотошерушілер Ташкент пен Алматы, Мәскеу мен Мурманск аралығын жүріп өтпек.Олар кеше Алматыда болып, бүгін Балқашқа келді. Әзірше шеру құрамында Оңтүстік Қазақстанның және Ресейлік 7 байкер бар. Және бүгіннен бастап қатарға балқаштықтар да қосылды. Осылайша әр қаладан мотоциклшілер қосылып, шеру 21 маусым күні Брест қаласында аяқталатын болады.

Серік Мұрзабеков-халықаралық мотошеруге қатысушы:«Осы қаладан кейін Қарағанды, Астанаға соғып әрі қарай Ресейге жол тартамыз. Содан кейін басқа да көрші елдерге соғатын боламыз. Жолшыбай шеру қатары көбейіп отыратын болады. Және мұның барлығы Жеңіс күнін насихаттау үшін жасалуда».

Жеңіс бәріне ортақ. Ол барлық батырлардың ерлігі. Сондықтан да мотошеруге қатысушылар әр қаланың мәңгілік алау мемориялына барып, сұрапыл соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алады. Гүл шоқтарын қойып, тағзым етеді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать