Балқаштық полицей республикалық турнирде қоян-қолтық ұрыстан чемпион атанды

Балқаштық полицей республикалық турнирде қоян-қолтық ұрыстан чемпион атанды . Дәулет Рахимов құқық қорғау қызметкелері арасындағы республикалық турнирде чемпион атанды. Барлық ішкі істер министрлігінің қызметкерлерін жинаған дода Шымкент қаласында өтті. 3 күндік жарысқа еліміздің түпкірінен келген 19 командадан 200-ден аса маман қатысты. Солардың бірі -Жезқазған қаласына қарасты мамандандырылған күзет қызмет басқармасының полицейі Дәулет Рахимов. Биыл бұл жарысқа жерлесіміз үшінші рет қатысып, 60 келіде 4 кездесу өткізді. Финалда алматылық полицеймен шықты. Нәтижесінде, қарсыласын іштен теуіп 9:8 ұпаймен жеңді.

 Дәулет Рахимов- қоян-қолтық ұрыстан республикалық турнир чемпионы
«Жартылай финалдық кездесу қиын болды Ақтөбенің баласымен. Ауырту әдісімен жеңіске жеттім. Финалда ұтылып бара жатып 8:8 есебімен соңғы секундтарда іштен тебу әдісімен жеңіске жеттім. Соның арқасында чемпион атандым».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать