200 –ге тарта балқаштық жастар қала күніне орай флешмоб биледі. Видео

Шаһардың төл мерекесі күні 200 –ге тарта жастар флешмоб биледі. Жүректің сызбасын жасап , патриоттық рухты көтерер элементтермен шараның сәнін келтірді. Өнерпаздар үздік әндерін орындап, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының құрдастары ерекше құрметке ие болды.

Мерекелік бағдарлама қаланың жігерлі жастарының биімен басталды. 200-ге  жуық жастар « Рухани Жаңғыру» атты жазу жазылған ақ түсті футболка киіп, мойындарына шарфты тағып ортаға шығып өнерлерін көрсетті. Еліміздің патриоты екендіктерін жүрек арқылы ел назарына ұсынды.

Осылайша мейрамның шымылдығы бимен ашылғаннан кейін, «Рухани Жаңғырудың» құрдастары марапатталды. 11 сәуір күні бір жасқа келген 2 бүлдіршінге естелік сыйлықтар табыс етілді.

Салтанатты рәсім аяқталған соң қазақтың қара домбырасы күмбірледі. Қаланың әншілері сахна төрінде үздік әндерін орындап, мың бұралған бишілер би билеп кештің сәнін келтірді. Және 3 сағатқа созылған концерт жастарға арналған шоу-бағдарламамен жалғасты.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать