Балқаштық баскетболшылар Республикалық Чемпионаттан жүлдемен оралды

Балқаштық баскетболшы қыздар Республикалық Чемпионатта екінші орын алды. Балар  және  жасөспірімдер спорт мектебінің тәлімгерлері Шучинск қаласында тек қаланың емес облыс намысын қорғады. Чемпион атағына таласу үшін шаһардан команда аттанды. Ересектер тобы 11 команданың ішінде финалға өте алмай, 7 орыннан көрінді. Ал кіші топ өзіне қарсылас шақ келтірмеген. Олардың басты қарсыластары ОҚО қыздары болған. Алайда, ақтық сында жерлестеріміз оңтүстіктен 8 ұпай айрмашылығымен ұтылды. Осылайша чемпион атағын ОҚО иеленді. Ал балқаштықтар күміс жүлдемен оралды. Қола Астанаға бұйырды.

Елена Залялова – команда капитаны:»Біздің топта 6 команда болды. Олар ОҚО, БҚО, Астана, Қостанай. ОҚО командасынан өзгерердің бәрін жеңдік. Көп қателік жіберіп, нашар шабуыл жасадық. Тағы бір мықты қарсылас бола білген команда ол Астана».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать