Мұғалімдер арасында волейболдан өткен қалалық турнир өз мәресіне жетті

Мұғалімдер арасында волейболдан өткен қалалық турнир өз мәресіне жетті. Бүгін финалда бірінші орынға №15 лицей мен оқушылар сарайы таласты. Кездесуде мектеп ұстаздары қарсыластарынан мықты екендіктерін дәлелдеді.  2 партияда да жеңіске жетіп, турнир чемпионы атанды. Ал оқушылар сарайының педагогтары күмісті місе тұтты. Үшінші орын №7 мектеп гимназиясы мен Абай атындағы лицей арасында сараланды. Бұл ойында гимназия ұстаздары әріптестерін 2:0 есебімен ұтып, қолаға қол жеткізді.

Мадияр Асқаров-турнирдің бас төрешісі

«12 команда барлығы қатысқан. 6 командадан 2 топқа бөлісіп, содан шыққан 4 команда ғой. Ертең үстел тенисінен жарыс болады.Былтырғы жылы І орынды  15 мектеп-лицей алған. Биыл тағы да қайталанды».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать