Әз-Наурызды Балқаш бекетіндегі тұрғындар да атап өтті

Әз-Наурызды Балқаш бекетіндегі теміржолшылар да кең көлемде атап өтті. Киіз үйлер тігіліп, онда қазақтың түрлі салт-дәстүрлері көрініс тапты. Тұрғындар ұлттық тағамдардан дәм татып, наурыз көжеден ауыз тиді. Мерекелік концертті тамашалады.

Балқаш бекетінде бірнеше жыл қатарынан Наурыз мерекесі тойланбаған еді. Биыл теміржолшылар ұйымдасқан түрде Ұлыстың Ұлы күнін атап өтті. Еңбек ұжымдары темір жол вокзалының алдында 5 киіз үй құрыпты. Оның сыртында елге Наурыз көже таратылды. Ал іште халық әндері орындалып жатты.Киіз үй қожайындары нағыз қонақжайлылық көрсетуде. Мол дастархан жайып, ортаға етін қойып, бауырсақ-шелпегін жайып тастаған. Келген қонақтар астан дәм татып, қымыз, ашыған, айраннан ауыз тиді.

Берік Сейсенбеков-Балқаш локоматив пайдалану депосының басшысы
» Биыл 5 киіз үй қойдық. Көптен бері әрбір жағдаймен қойылмаған екен. 5 жыл болыпты. Келген кісілердің барлығына есік ашық. Бүгін 70 шақты зейнеткер бар, 40 шақтысы осы жақта. Солар келіп дәмнен ауыз тиіп жатыр».

Бұл күні өнер мектебінің оқушылары Балқаш бекетінің тұрғындарына арнап мерекелік концерт қойды. Халық түрлі байқау жеңімпаздарының өнерін тамашалап, таланттарына тәнті болды.

-Жас балапандардың көонцерті өте жақсы өтіп жатыр.Көптен гүліндей көктеп шыққан мына бітпей балапандардың арбамен жүргені бәрі, салт-дәстүр бәрі бұрынғы кез көзіме елестегендей болып тур.
-Наурыз көжеден дәм таттық, бәрі жақсы жүріп жатыр.
— Бауырсағын бәрін жедік, сусындарын іштік. Бәрі жақсы жасалған.

Балалар да мәз. Кішкентай бүлдіршіндер түйе сүйреткен арбаға мініп, атқа отырды. Ал ересектеулері алтыбақан тепті.

Гүлшат  Қайратқызы- тілші 
« Балқаш бекетінің тура қақ ортасында орналасқан мына бәйтерекке биыл 10 жыл. 2008 жылы Балқаш пайдалану локомотив депосы бұл конструкцияны Наурыз мейрамына орай арнайы орнатқан. Кейін оны осында қалдыру туралы шешім шығады. Қазір бұл жер естелікке суретке түсіп, кездесулер ұйымдастыратын сүйікті орын.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать