Ұмытыла бастаған ұлттық ас

Ұлыстың Ұлы күні келгенде Ақ мол болсын, көңіл тоқ болсын, деп ақ ниетін білдіретін халқымыз дастарханға Ұлттық тағамдарды молынан қойған. Ет дегенде қазы-қарта, жал жая, сүт дегенде қымыз, айран, құрт сүзбе, қатық секілді ағарғанын қонақтың алдына жайып, дәм таттырған. Деседе, ұмытыла бастаған ұлттық тағамдарда баршылық. Солардың бірі жаужүрек.

Шайзада Сыздықова ұлағатты ұстаз, қалалық аналар кеңісінің төрайымы. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері мен тағамдарын жақсы біледі. Көненің көзін сақтаған ақ жаулықты әже 1989 жылы Балқашта алғаш аталып өткен Наурыз мерекесінің куәгері. Сол мерекеде  жүргізуші болған.

Шайзада Сыздықова-қала тұрғыны

« Құрылысшылар мәдениет сарайында құрылысшылар стадионы болды. Сол стадионда 5-6 киіз үй тігілді. Халық өте көп жиналды. Халықтарға түсіндіру керек болды ежелден келе жатқан халықтық мейрам екенін. Сондықтан біз жүргізушілер машинаның үстінде, бортында жүргізуші болдық.

Жаужүрек тағамын дайындау үшін алдымен қойдың бауырын тілімдеп турап, ішмайды төрт бұрыштап кесіп алу қажет.  Одан кейін бауырға тұз бен бұрыш қосып, майға ораймыз.  Жазылып кетпес үшін таяқшалармен түйреп қою қажет.

Шайзада Сыздықова-қала тұрғыны

Бауыр мен ішмайда ерлікке шақыратын, батылдыққа шақыратын дәрумен бар екен.  

Майға оралған бауырды табаға салып, 2-3 минут қуырып аламыз. Бұл жерде қосымша маю құюдық қажеті жоқ. Дайын болды деген уақытта, аздаған су құйып бұқтыруға қоямыз.

Жаужүрек өте тез әрі оңай дайындалатын тағам. Оны көбінесе ел аралап жүрген жолаушыларға, жауға шабатын батырларға арнап әзірлеген. Тағам өте тойымды. Әрі адамға күш пен батылдық беретіндіктен жаужүрек деп аталған.  Шайзада апа бүгінде бұл тағамды балаларына, немерелеріне және жарына арнап дайындап жүр.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать