Балқаш жаңалықтары 12 наурыз 2018

Балконнан лақтырылған күшіктерге қатысты қозғалған қылмыстық іс жабылды. Прокурорлар төртаяқтылардың қай қабаттан құлағанын анықтау мүмкін емес деп отыр. Еске сала кетейік, бұл оқиға өткен жылдың қараша айында болды. Сейфуллин көшесіндегі үйлердің бірінің жанынан биіктіктен құлаған 7 күшік табылған еді.

Көлікпен көл үстіне шығуға тыйым салынады. Себебі қазір мұз жұқарып, жарыла бастаған. Оның қалыңдығы жағадан 60 метр жерде 65 см. 200 метр қашықтықта 5 см жұқа. Ал ашық алаңқайларда мұздың қлыңдығы 40 см дейін жетеді.

ҚР мемлекеттік күзет қызметі өз қатарына жас сарбаздарды шақырады. Айбын және Батыр секілді Президент полкында әскери міндетін өтегісі келетін балқаштықтар қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жүгінулері қажет.

Автобуста ән айтқан балқаштық тұрғын ғаламтор жұлдызына айналды. Біздің арнаның инстаграм желісіне салынған видеоны 3 күн ішінде 10 мың нана аса адам тамашалап үлгеріпті. Ал youtube порталында 2000 қаралым жинаған.

Балқаштық «Бертыс» хоккей клубы финалға шықты. Еске салайық, жерлестеріміз әуесқой командалар арасындағы түнгі хоккей лигасында бағын сынауда. Олар осыған дейін 38 ұпаймен плей-офф кезеңіне өткен болатын.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать