Балқаштық «Бертыс» хоккей клубы финалға шықты

Балқаштық «Бертыс»  хоккей клубы финалға шықты. Еске салайық, жерлестеріміз  әуесқой командалар арасындағы  түнгі хоккей лигасында бағын сынауда. Олар осыған дейін 38 ұпаймен плей-офф кезеңіне өткен болатын. Балқаштықтар жартылай финалда ақтық сынға жолдама алу үшін теміртаулық «серебряные акулы» құрамасымен екі рет ойын өткізді. Алайда бірінде 3-4, ал екіншісінде 6-2 есебімен жеңіліс тапты. Енді  ұйымдастырушылардың шешімімен «Бертыс»  үшінші орын үшін таласады. Әзірге қарсыластарының кім болатыны белгісіз. Оны қалған 5 команданың ойын қорытындысы көрсетеді.

Федор  Лазаров-  «Бертыс» әуесқой хоккей  клубының    шабуылшысы

«Жүлделі орынға таласамыз деген ой мүлде болмаған еді.  Алғашқы маусымда жақсы ойын көрсетіп, автоматты түрде жартылай финалға шықтық. Теміртаулық команданы жеңгіміз келген, бірақ ойымыз іске аспады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать