Қазақстанда «Үздік жас заңгер 2018» байқауы жарияланды

Қазақстанда  «Үздік жас  заңгер 2018» байқауы жарияланды.  ҚР  Тұңғыш Президент-Елбасы  қоры   үміткерлерден  өтініштерді қабылдауды  бастады.   Құқық  саласындағы   мамандықтың беделін  нығайту мақсатындағы   конкурс   заң ғылымына қосқан үлесі, заң шығару қызметіне қатысуы, құқықтық білім беру және ағартушылық ісі атты үш номинация  бойынша  жүргізіледі. Ал оған  өтінімдер  18 бен 40 жас аралығындағы  азаматтардан қабылданады. Құжатта  міндетті  түрде    үміткердің  аты –жөнімен қатар  оның  жеткен   жетістіктері  көрсетілуі тиіс.   Қатысамын деушілер  1   шілдеге  дейін yurist2018@fpp.kz  электронды  поштаға  арқылы ниет  білдіре алады. Немесе   Астана қаласы, Ә. Бөкейхан көшесі 1, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры мекенжайы бойынша  құжаттарды өткізуге болады. Айта  кетейік,  жеңімпаз   заңгер  28 тамызда  анықталып,  төс белгі және ақшалай сыйлықпен марапатталады.

                  «Үздік жас  заңгер 2018»  байқауының  ережесі

Байқау  3 номинация  бойынша  жүргізіледі:

  1. Заң ғылымына қосқан үлесі;
  2. Заң шығару қызметіне қатысуы;
  3. Құқықтық білім беру  және  ағартушылық.

Байқауға   18 бен 40 жас  аралығындағы азаматтар қатыса алады.

Қатысушы тек бір номинация бойынша қатысуға құқылы.

Өтініштер  -Астана қаласы, Ә. Бөкейхан көшесі 1, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры мекенжайы бойынша немесе yurist2018@fpp.kz электрондық пошта арқылы қабылданады.
Құжаттар  1 шілде  2018 жылға  дейін қабылданады.

Байқау  жеңімпазы  28  тамыз 2018 жылы  жарияланады.

Толық  ақпарат www.fpp.kz сайтында.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать