Балқашта ертегі кейіпкерлері тұрғындарға шоколад таратты

Шын жүректен, ыстық ықыласпен. Бүгін Балқашта ертегі кейіпкерлері  тұрғындарға шоколад таратты. Мики маус, панда, миньон, қоян және Маша орталық көшеге  шығып, қала халқын көктемнің алғашқы күнімен құттықтады. Тілектерін жеткізіп, алғыс айту күніне орай сыртында «рахмет»  сөзі жазылған тәтті үлестірді.  Тұрғындар болса мұндай тосын сыйға мәз. Ертегі кейіпкерлерімен фотоға түсу мүмкіндігінде құр жібермеді. Ал Мики маус, панда, миньон, қоян және Маша бұл күні 100 шоколад таратты.

Тұрғындар пікірі

Өзім қызығып қалдым, мыналай қайдан келе жатыр деп. Рахмет. Мынандай, қызықты көңіл күй сыйлап жатқандарыңызға.

 Тосын сыйларыңыз маған өте ұнады. Ұнағанда қандай. Тосыннан болды өзі.

 Көріп қуанып жатырмын, балалар да  көңіл аударып жатыр. Мама қара, персонаждар жүр, барып фотоға түсейікші деп. Өте жылы.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать