Балқаш аруы — 2018 байқауының жеңімпазы анықталды. Видео

Балқаштың ең сұлу  аруы  анықталды.   Әдемілік пен әсемділік  үйлескен сайыс  мәдениет сарайында  өтті. Оған сайдың тасындай іріктелген 12 қос бұрымды  қатысты. Ақылына  ажары  келіскен қыздар 4 кезеңде бақтарын сынап,  өнерлерін   ортаға салды.   Сұлу сылқымдар  жайында  тілшіміз тарқатсын.

Балқаш аруы  атағына   үміткер қыздың бірі   Сымбат   Есенбекова. 16 жасар  бойжеткен  медициналық колледждің    студенті. Болашақ   мейірбике   өзіне нық сенімді.  Өйткені,  екі  рет сұлулар байқауына қатысқан   ару  сайысқа  жақсылап дайындалдым. Жеңемін дейді.

Сымбат Есенбекова-   «Балқаш аруы-2018» байқауына қатысушы

« Мен мұндай арулар байқауына 3 рет қатысып отырмын.Және мен үшін ешқандай  кезеңде  қиындық жоқ деп айта  аламын.Себебі, мен сахнаға шығып, мұндай байқауларға қатысып  үйренгем».

Шаһар аруы атағы үшін таласқа түскен қыздар бірінен-бірі өтеді.Шетінен сұлу сылқымдарды ұйымдастырушылар қатаң іріктеп алған. 40  үміткердің ішінен  ақтық сынға   тек  12-сі ғана жолдама алды.

Ерқанат Садуақасов-қалалық мәдени -сауық  орталығының  маманы

« 40  шақты өтініш түскеннен кейін оны іріктедік. Іріктеуден 12 аруымызды  қабылдадық.Оларды   әр талаптарға  сай  байқауға  өткіздік.Көбінесе  олардың  бойлары,  шаштары  ұзын болмады.Сондықтан 12  аруды таңдап алдық». 

Ал байқау  4 кезеңнен тұрды. Алдымен өздерін топ болып таныстырған қыздар, кейін жеке-жеке сахнаға  шықты. Ары-бері жүріп-тұрып, сұлулығын көрсетті.Қазақтың ұлттық  киім  үлгілері мен кешкі  көйлектерін киіп  шығып, өнерлерін ортаға салды. Бірі би билеп,  монолог оқып, әндерін айтты.Сұрақ-жауапта  білімдерін  саралады.

Әдемілік  сайысында  хас сұлуды  анықтау  қазылар үшін  оңай  болмағаны  анық. Дегенменде, сыннан  сүрінбеген   Балқаш  гуманитарлы-техникалық колледжінің студенті  Дина  Бөкен  «Балқаш аруы 2018»  тәжісін иеленді. Ал бірінші  вице-мисс  № 15 мектеп- лицейінің  ұстазы    Жұлдызай Османова  атанды.  Және  барлық арулар   тұрмыстық  техникалармен марапатталды.

Фоторепортаж

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать