Балқаш жаңалықтары 12 ақпан 2018

Жол көлік оқиғасынан жүкті келіншек зардап шекті. Бірақ дер кезінде болашақ анаға медициналық көмек көрсетіліп, аман қалды. Жолдамамен Қарағанды қаласына жіберілді. Ал жол-көлік оқиғасы кеше Жезқазған мен Ағыбай батыр көше қиылысында болды.

Балқаш маңында 7.5 тонна дәретхана қағазы тиелген жүк көлігі өртеніп кетті. Оқыс оқиға қаладан 40 шақырым жерде болды. Анықталғандай, көлік Алматыдан Көкшетауға жол тартқан. Алайда, діттеген жеріне жете алмады.

Мемлекеттік мекемелерде өрт қауіпсіздігі қаншалықты сақталады? Осы сауалға әкімдікте өткен жиында білім, денсаулық саласының басшылары төтенше жағдайлар қызметкелері және кәсіпкерлер жауап берді.

20 балқаштық оқушы ІІБ жеткізілді. Олар тәртіп сақшыларының жұмыс орнын көріп, қызметімен танысты. Танымдық экскурсияға шақырту алғандардың ішінде есепте тұрған жеткіншектерде болды. Басты мақсат оларды түзу жолға салу. Балалармен бірге бізде полицейлердің ордасын аралап қайттық.

Балқашта «Жас қанат 2018» байқауы өз мәресіне жетті. Дәстүрлі додаға 17 әнші мен 5 шоу- жүргізуші қатысып, сахна төрінде өнерлерін көрсетті. Қатысушылар екі сағат бойы қазылар мен көрерменнің көңілінен шығуға тырысты. Талап бойынша алдымен әншілер Астана қаласының 20- жылдығына арнап әннен шашу шашты.

Бүгін Масленица- славян халықтарының қысты шығарып салу мерекесі басталды. Дәстүр бойынша бір апта бойы дәмді құймақтарды пісіріп, қонаққа бару керек. Өйткені халықта бұл күнді қалай қарсы алып, шығарып салсаң, жыл бойына дейін көңіл күйің соған байланысты болады деген сенім бар.

ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы қола жүлде түсті. Оның иегері фристайлшы Юлия Галышева. Фристайлдың могул сыны бойынша жарыс жолына шыққан отандасымыз аянып қалмады.

Балқаштықтар зілдей темірді көтеріп сынға түсті. Демалыс күні қалада пауэрилифтинг спортынан ашық турнир өтті. Оған білікті ауыр атлетшілер мен қатар әуесқой спортшылар қатысты. Ал мұндай шара зілтемірші, халықаралық дәрежедегі ауыр атлетикадан спорт шебері, балқаштық Игорь Белоконьды еске алуға арналды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать