Жылдық ас Әбілхайырұлы Нұрлан

Руы Әлтеке – Мырзақұл, Әбілхайырұлы Нұрлан бауырымыздың  өмірден озғанына 1 жыл болады.

Жылдық асы 3 ақпан күні Ақжал кентіндегі «ҮМІТ» дәмханасында сағат 11.00-ден бастап беріледі. Ағайын-туыс, құда-жекжат, бірге жұмыс жасаған еңбек ұжымына, жора-жолдастарына, көршілерге және танитын барша жамағатқа хабарлаймыз.

 

Жыл толды кеткелі арамыздан,

Қанат қақпай құладың қара құздан.

Сағынышпен сан жылдар өтсін мейлі,

Нұрлы бейнең өшпейді санамыздан.

 

Ағайын мен туысты ешқашан бөлмеуші едің,

Ауыр сөзді ешкімге, зілденіп айтпаушы едің.

Қысқа болып ғұмырың жалған мынау дүниеде,

Арманда кеттің көре алмай бала-шаға қызығын.

 

Ұлың сенің азамат болып ер жетті,

Қызың сенің ару болып бой жетті.

Көре алмадың қызықтарын солардың,

Бұл өмірде қысқа болды-ау ғұмырың.

 

Жарқын жүз, жібек мінез, жайдарлы едің,

Таныған жұрт, бар адамға қадірлі едің.

Жанымызға жазылмас жара салып,

Өмірден кетіп қалдың әттегенмен.

 

Әкешім, өзіңді сағынамыз,

Тағдырдың салғанына бағынамыз.

Келгенде ағайын-тума, балаларың,

«Айналайын құлыным»-деп қарсы алатын,

Сіздей жанды қайдан біз таба аламыз.

 

Жарық дүние жарқ еткен бір жаңғырық,

Өмір осы өте шығар таң қылып.

Орныңыз сіздің ойсырап тұр толмайды,

Амалымыз не, қош бол, Әке, мәңгілік!

 

Арамыздан кете бардың алыстап,

Уайым, қайғы жүректерді жаныштап.

Пейіштің төрі болсын орыныңыз,

Рухыңызға дұға оқимыз бағыштап.

Ас берушілер: жұбайы — Гүлмира, балалары, аға-бауырлары, Рахымжановтар әулеті.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать