Қырық күндік ас Ахметова Айнұр Оспанқызы

Ақтоғай ауданы, Нүркен ауылынын тумасы Ынтықбаев Ержанның жұбайы, Құлық әулетінің келіні, аяулы ана, асыл жар, ардақты  келін қайын жұртына парасатты, қадірлі болған абзал жан  Руы – Жағалбайлы, Ахметова Айнұр Оспанқызының оралмас сапарға аттанғанына да 40 күн толды.

Асыл анамыздан мәңгіге көз жазып қалармыз деп кім ойлаған… Анамызды аңсап сағынамыз.

Анамызға арналған 40 күндік ас «СОЗВЕЗДИЕ» дәмханасында  ақпанның 3-і күні сағат 11.00-ден бастап беріледі.

Ағайын-туыс, құда-жекжат, көрші-қолаңға, бірге оқыған кластастарына, баласының еңбек ұжымына, анамыздың көзін көрген барша жамағатқа хабарлаймыз.

Сүрініп қалсаң өмірдің тайғақ жолында,

Ақылыңды айтып саларма едіңіз жолымызға.

Қайтеміз байлық пенен дүниені,

Жетпейді Ана еш нәрсе сіздің орныңызға.

 

Білдіртпедің дертіңді, жан ана,

Пәк едің, текті едің, ақ құшағын ашқанға.

Сая таппай мына қатал жалғаннан,

Бір-ақ күнде ұшып кеттің аспанға.

 

40 –күн болды өзіңді көрмегелі,

40-күн болды арулап жерлегелі.

Мейірленіп мандайдан иіскемей,

Сағыныштан сарғайып шөлдегелі.

 

Сағыныштан сарғайғанмен мына біз,

Алла ісін құп аламыз ұғамыз.

Періштелер жер бесікте тербетіп,

Қабыл болсын бағыштаған дұғамыз.

Хабарлаушылар: жолдасы-Ержан, балалары, Бүркітбаевтар әулеті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать