7 балқаштық боксшы республикалық турнирдің ширек финалына жолдама алды

Қаламызда   бокстан  республикалық турнир жалғасуда.  Бірінші күннің   нәтижесі бойынша 7  жерлесіміз   ширек финалға  өтті. Және бүгін тағы  11 балқаштық  шаршы  алаңда бақтарын сынады.

Кеше басталған доданың бірінші  күнінде  31 жұп  жұдырықтасты. Оның ішінде  29-ы ер балалар болса,  қалған екі  жұп қыздар. Рингкке  30 бен  54 келі  салмақ  дәрежеcіндегі балалар  шықты. Ал  бүгін    ширек финал басталды. Түстен бастап кешке дейін  53  жұпқа  бөлінген  жасөспірімдердің шеберліктері таразыланды.  Алайда,  кімнің асығы  алшысынан  түскені  әлі белгісіз. Өйткені, ертең  сағат 12-де  жартылай финал  өтіп,  ақтық сын  3 — ақпан  күні   ұйымдастырылады. Суырылып  алға  шыққандар   сағат 11-ден бастап    чемпион атағын  сараптайды.

Ерболат  Әшімов -халықаралық деңгейдегі бас төреші

«Жарыстың өту  деңгейі  жақсы.  Балалардың дайындығы    көңілден  шығуда. Әсіресе  қалаларға  қарағанда  Жәйрем секілді ауылдан келген боксшылар  таң қалдырып жатыр. Бірақ, Қарағанды, Астананың спортшылары да  қалыс қалар емес».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать