Балқашта үсік шалған 5 адам ауруханаға түсті

Күн сайын  елімізде аяздан  зардап шеккендер артып келеді.Қазіргі  күні   Қазақстан  бойынша  200  адам дәрігерлердің  көмегіне  жүгінсе,  Қарағанды  облысы бойынша олардың саны 90 адам. Ал Балқашта  бүгінгі күні үсіп қалған 5 тұрғын ауруханада жатыр. Оның ішіндегі   екеуі қазір   травмотология  бөлімінде   ем қамбылдап жатыр. Бірі тұрғылықты  мекен жайы  жоқ қаңғыбас. Оны  балқаштықтар  даладан тауып алып,  дәрігерлердің қолына тапсырған.Тексеріс  барысында бақайлары   үсіп  қалғаны анықталды. Ал екінші науқас тас жолда  көлікті  жөндеймін деп,  аяғын үсіріп алған. Қазір  барлығының  денсаулықтары бір қалыпты. Қалған 3 тұрғын ем-дом қабылдап, сауыққаннан кейін  үйлеріне жіберілген.

Мақсат Нұртазин –  травматология  бөлімшесінің меңгерушісі

«Науқастар   үшінші  дәрежелі  үсікке  шалдыққан.   Екеуіне де ота жасалды. Аяқтары  айтарлықтай  зақым келмеген. Бақайлары орнында  қалады. Бірақ, әлі  ем   қабылдайтын болады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать