Сәбитова  мөлтек ауданындағы тұрғындар үйге жылу келіп тұрса да тоңып отыр

Сәбитова  мөлтек ауданындағы тұрғындар үйге жылу келіп тұрса да тоңып отыр. Бәріне қаңырап бос қалған іргелес пәтер себепші. Қабырғадан соққан суық баспананың жылынуына кедергі жасауда.

Даладағы  -40 градустан    Татьяна  Лазерованың   үйі тіптен   азынап кетті.  Қазір баспана  ішіндегі   температура  17, 18 -ден аспайды. Пәтерге  жылу толық  келгенімен,  едендері  тастай.  Қабырға  суық. Сондықтан « қырық қабат »  болып киініп жүруге тура  келеді дейді  зейнеткер.

Татьяна  Лазерова- Сәбитова  мөлтек  ауданы  4 үйдің  тұрғыны

«Міне  күнде осылай  қабат-қабат киініп  жүреміз.Тамақ істегенде   ғана  жылынамыз.Құбырлардың барлығы  ыстық болғанымен, үй суық. Мына   иесіз қалған көрші пәтердің  кесірінен  азынаған  үйде отырмыз. Ауырып  қаламыз ба  деп қорқамыз».

Қараусыз  қалған 4 бөлмелі пәтерде  4 жылдан бері  ешкім тұрмайды. Соңғы  екі   жылда мұнда   үйсіз-күйсіз  жүргендер  болған. Алайда  содан бері  едені тасқа  айналып,  құбырдан түк қалмаған.  Терезелері сынған. Оны  жазда КСК  қызметкерлері   салафанмен  жауып  қойғанымен,  пайдасы  шамалы.

Көршілердің  айтуынша, бұл үйдің иелері қайтыс болған.Ал оны нақты  анықтау  үшін бүгін тұрғын  үй шаруашылық  бөлімі Әділет басқармасына сұраныс хат жіберді.

 Нұрболат Бөлеген- ТКШ бөлімінің  жетекші  міндетін атқарушы

« Егерде  Әділет  басқармасының  жауабы бойынша  үйдің иесі қайтыс болған болса  немесе қайда екені белгілі мәліметтер  жинағаннан кейін, Балқаш қалалық сотына талап арыз жіберетін боламыз. Аталған пәтерді  коммуналды меншікке өткізу бойынша және коммуналды меншікке  өткеннен кейін  үй  кезегінде тұрған  азаматтарға  берілетін болады».

Ал  істің мән-жайы толық белгілі  болғанша,  жергілікті билік   пәтердің  терезелерін  жауып  қоюға  уәде етті.

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать