Еске алу Бабайбек Маржан (сыныптастары)

13 жыл бұрын ортамыздан озған сыныптасымыз, Шұбартау ауылының тумасы Тобықты – Байтемір, Тажкеев Рамазанның жұбайы Бабайбек Маржанның өмірден өткеніне 40 күн толды.

Екеуін сағынышпен еске ала отырып, Алладан рахым, Пайғамбардан шапағат болсын деп дұға етеміз.

Жан едің биязы мінез, нәзік үнді,

Еске аламыз жарқылдаған жүзіңді.

Рамазанның орынын ойсыратпай жүр едің ғой,

Маржан-ау, неге асықтың, сағындың ба жарыңды?!

 

Алланың жазғанына не қыламыз,

Нұр жүзіңді еске алып сағынамыз.

Артыңдағы балаларың аман болсын,

Алладан тек қана сол сұрарымыз.

 

Үзілді армандарың көп тоя алмас,

Өкініш болдың, өксік болдың қоя алмас.

Өмірдің биігінен құлап қалып,

Рамазаныңмен ұйқыға кеттің мәңгі оянбас.

 

Ортадан кеттің, бәрі де болды қас-қағым,

Көңілде мұң, жүректе сыз, еске алады асыл достарың.

«Қара жер көрпе ұсынса – құдайдың ісі» — деген бар,

Сондықтан не шара бар достым, жәннатта болсын жас жаның!

Еске алушылар: Шұбартаулық сыныптастары.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать