2 балқаштық өз кәсібін дамыту үшін мемлекеттен 14 млн теңге несие алды

Екі балқаштық өз кәсібін дамыту үшін мемлекеттен 14 млн теңге несие алды. Олар қомақты қаржыға «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы арқылы қол жеткізді. Бірі Гүлшат кентінің тұрғыны. 3 млн 700 мың теңге рәсімдеп, мал басын 10 жылқыға көбейткен. Ал екінші тұрғын балқаштық. Кәсібін кеңейту мақсатымен 10 млн теңге алып, ғимарат сатып алған. Жалпы мемлекеттік бағдарлама бойынша бір адамға 15 млн дейін несие беріледі. Ең бастысы пайыздық үстемақысы төмен. Жылына бар болғаны 6 пайыз. Тек берілген қаржыны 7 жыл ішінде кері қайтару керек. Қазіргі таңда жұмыспен қамту орталығы кәсіп ашуға немесе оны дамытуға ниеті бар тұрғындардан өтініш қабылдауды жалғастыруда.

Сымбат Бакирова-жұмыспен қамту орталығының маманы
«Микрокредит-екінші деңгейлі банктер арқылы беріледі. Алу үшін өтініштер бізде жұмыспен қамту орталығында әлі қабылдануда.Барлық с9рақтар бойынша, Уәлиханов көшесі, 5 ғимарат 13 кабинеттен біле аласыздар».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать