№15 мектеп-лицейге қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың есімі берілді

№15 мектеп-лицейге қоғам және мемлекет қайраткері, этнограф Әлихан Бөкейхановтың есімі берілді. Оқу орны Әлихан Бөкейхановтың есімін алуға 2 жыл бойы дайындалған. Қазақ зиялысының 150 жылдық мерейтойына орай мектеп жетекшілері және мәдениет бөлімі қажетті құжаттарды жинап, облысқа ономостикалық комиссияға жіберген.  Президенттің «100 мектеп 100 аурухана» бағдарламасы бойынша 2008 жылы ашылған мектептің жетістігі де жоғары. Биыл оқу ордасына 10 жыл. Қазіргі таңда №15 мектеп-лицейінің оқушылары білім жағынан да спорт жағынан да үнемі алдыңғы қатарда. Білім мекемесіне Алаш қозғалысының жетекшісінің есімін беру туралы қаулы мамыр айында шыққан.Енді мектеп ұжымы Әлихан Бөкейхановқа арнап мұражай ашып, көптеген шаралар өткізуді жоспарлауда.

Махмұт Жарылғап –мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі директорының орынбасары

« 150 жылдығын  ЮНЕСКО көлемінде осыдан 2 жыл бұрын тойлап өтті. Сол кезед біздің Балқаш қаламызда да біл бірім саласына осы кісінің аты берілсе деген ұйғарым болды. Соған мен жұмыс жасадым. Ол халықтың тілегі болды. Елдің сұрайына салдық, елдің коллективі осы мәселені көтерді.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать