Балқашта 12 азамат әскерге барудан бас тартқан

Биыл Балқашта көктемгі және күзгі әскерге шақыру мерзімінде 12 азамат  отан алдындағы міндетін өтеуден бас тартқан. Бірі мұның себебін жұмыс орнын жоғалтып алудан қорқатындығымен түсіндірсе, бірі несиесі бар екенін айтып ақталған. Заң бойынша оларға 1 апта ойлануға уақыт беріліпті. Алайда ешкім өз ойын өзгертпеген. Қазір бас тартушыларды қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін іс прокуратураға жіберілген. Айта өту керек, әскерге барғысы келмейтіндерге салынатын айыппұл көлемі өте қомақты. 1 млн 4 млн дейін. Ал жалпы осы күзгі шақырылымда 83 азамат шекара қызметінің және ҚР қарулы күштерінің қатарын толықтырған. Желтоқсан айының соңына дейін тағы 67 адамды әскерге жіберу көзделіп отыр.

Бижан Мағауин- келісім шарт бойынша әскери қызметкерлерді қабылдау бөлімшесінің басшысы

«Шақыру парағымен келген әскерге шақырылушы комиссиядан өту кезінде, айлығы сақталады. Облыстан өтіп, әскерге барған кезде  7 тармқта өзгерістерге енгізіліп, жұмыс орны сақталатындығы көрсетілген.  Сондықтанда әскерге шақырылушылардың ешқандай сылтау айтатындай себебі жоқ. Әскерге бару бәріне бірдей міндетті».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать