1- шілдеден бастап қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұр

1 — шілдеден бастап қазақстандықтарды  көптеген  өзгерістер күтіп тұр. Мәселен, келесі айда базалық зейнетақы  басқаша есептеле бастайды, онымен  қоса ел тұрғындарына визаны электронды түрде рәсімдеуге  мүмкіндік берілмек.   

Темекі қымбаттайды!1 — шілдеден  бастап  темекі  қымбаттайды. Үкіметтің қаулысымен 31 — желтоқсанға дейін шылымның ең төменгі бағасы 360 теңгеге дейін көтеріледі. Осылайша кезең-кезеңмен  темекінің бағасына әр жарты  жыл сайын 20 теңге қосылмақ.

Электронды  виза! Сонымен қатар шілденің бірінші  күнінен бастап Қазақстанда электронды виза енгізу жоспарлануда. Бұл арқылы Қазақстанға келген шетел азаматтары сыртқы  істер  министрлігінің консулдығына бармай-ақ, жұмыстарын бітіре алады. Осы арқылы шетелдіктердің келу себептерін, қаржылық мүмкіндіктерін және қанша уақыт болатындықтары туралы толық мәліметтер  білуге  мүмкіндік бар.

Электронды автоқұжат! Бірінші   шілдеден  бастап темір тұлпары бар әрбір  қазақстандық  көлігіне  электронды  паспорт алуға міндетті. Сандық құжатта автокөліктің бүкіл  тарихы   жазылады. Зауыттан   шыққан  күнінен  бастап,  бұзылғаны,  тіпті апатқа түскені туралы  барлығы көрсетіледі. Мәліметтер Еуразиялық  экономикалық   одақтың бірыңғай   базасында  сақталмақ.

Төлемақыдағы  өзгеріс! 1  шілдеден  бастап  базалық   зейнетақыны тағайындау тәртібі  өзгереді. Зейнетақының   бұл түрі    еңбек  өтілі мен зейнетақы  жүйесіне  қатысу мерзіміне  қарай  берілмек.  Мәселен, бұрын  базалық  зейнетақы  бәріне бірдей 15 274 теңге  болып төленіп келді.  Енді келесі айдан бастап  еңбек өтілі  10 жылдан  33 жылға   дейінгі   азаматтардың   зейнетақысы  28 284  теңгеге  дейін  өседі. Ал, еңбек   өтілі 10 жылға  дейінгі зейнеткерлердің  төлемақысы  өзгермейді.

 

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать