1 маусымнан бастап вокзалдарда жолаушы жүгі тексеріледі

Сақтансаң сақтайды. 1 маусымнан бастап Қазақстанның теміржол вокзалдарында тәртіп күшейтіледі. Енді жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен террорлық қауіптен сақтау мақсатында тасымалданатын жүктер тексіреледі. Бірақта, мұндай тексеріс облыс орталықтарындағы вокзалдарда ғана жүргізіледі. Яғни, бірінші, екінші кластарға жататын орталықтарда.Ал біздің Балқаш үшінші санатта. Қазір күні ірі күту бекеттері 56 арнайы тексеру құрылғылары сатып алған. Айта кеткен жөн. Мұндай тексеру шарасы біраз уақыт алатындықтан, пойыздан кешігіп қалмау үшін вокзалға мейлінше ертерек келген абзал.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *