Қырық күндік ас Ысқаққызы Сақып

Нарманбет ауылының тумасы, руы Тобықты – Ақсары, Шайхы келіні, руы Тобықты – Ақтеке, Ысқаққызы Сақып анамыздың өмірден озғанына 40 күн толуына байланысты 29 тамыз күні сағат 11.00-ден бастап МЕШІТТІҢ ҮЛКЕН залында ас береміз. Асқа туған – туыс, құда  — жекжат, көрші – қолаң, балаларының, немерелерінің еңбек ұжымдарын, анамызды танитын барша жамағатты шақырамыз.

Анамыздың өмірдегі жақсылығын, ерен еңбегін, ізгілікпен мейірімділікке толы асыл бейнесін есімізден шығара алмаймыз. Көзден кетсе де, көңілімізде мәңгілікке бірге.

Анамызды еске ала отырып « жатқан жері жайлы, жаны жәннатта болсын, қабірі иман нұрына толсын»- деп Алладан рахым тілейміз.

Анашым, біздерді жылы мейіріммен мәпеледің,

Қиындықты көрсетпей жастай қалып.

Еңбегіңді аямастан тәрбиелеп,

Аялап ер жеткіздің, адам еттің.

 

Артығы едің ішінде даналардың,

Бәрі осындай болса ғой аналардың.

Ұрпағы үшін өткізген әр сағатын,

Жұмақтан орын алсын ғазиз жаның.

 

 

Сағындық  ана өзіңді,

Жымиып күлген жүзіңді.

Есімізде мәңгі сақтаймыз,

Ақыл ғып айтқан сөзіңді.

 

Асыл ана жеткізіп жетелеген,

Жалғанда саған адам жетер ме екен?

Біз үшін сен бір асыл, сен бір кенсің,

Батаңмен бар әулетің өсіп-өнсін!

Қимаймыз, еске аламыз, ұмытпаймыз,

Бақи бол, имандының бірі сенсің!

Ас берушілер: Төлеуғазы – Үмітжан, Борантай – Әлия, Рыскүл – Ердос, Тынысбек – Қымбат, немерелері, шөберелері.

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *