Қырық күндік ас Оралбаев Серғазы Мақсатұлы

Руы Керней – Түйте – Лақ, Оралбаев Серғазы Мақсатұлының өмірден өткеніне 40 күн болады. Қырық күндік асы 8 желтоқсан күні сағат 11.00-ден бастап «ТОЛАҒАЙ» дәмханасында беріледі. Жақын туған-туыстарға, құда-жекжаттарға, жолдастарға, таныстарға, жұмыс орнына, Айыртас ауылының тұрғындарына хабарлаймыз.

Азамат ең ардақты,

Мінезің есте салмақты.

Қарапайым жан болсаң да,

Өнерлі едің жан-жақты.

Қалай қиып кеттің сен,

Біз сияқты бейбақты.

 

Жанымызда жүруші едің күліп күнде,

Жоғалтқалы өтті ғой 40 күн де.

Жарқын бейнең жарқылдап еске түсіп,

Жүректерден қалмайсың ұмыт мүлде.

 

Арамыздан кете бардың алыстап,

Уайым, қайғы жүректерді жаныштап.

Пейіштің төрі болсын орыныңыз,

Рухыңызға дұға оқимыз бағыштап.

 Ас берушілер: жұбайы – Ақтоты, қарындастары – Жанат, Аңсаған, бауырлары – Нұржан, Дастан, балалары.

 

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Контент защищен!