Қырық күндік ас Майрамқұл (Марат) Рахметоллаұлы

Руы Таңыбай — Жәутік, ардақты да аяулы әке, адал жар, қимас бауыр Жұматай тегі Майрамқұл (Марат) Рахметоллаұлының бұл фәниден бақиға өткеніне 40 күн болады.

Қырық күндік асы 26 қараша күні сағат 12.00-ден бастап МЕШІТТІҢ КІШІ залында беріледі. Ағайын – туыс, құда — жекжат, көршілерге, танитын барша жамағатқа хабарлаймыз.

Әкеміз туа біткен қасиетінен мейірімді, еңбекқор, ақкөңіл, парасатты. Бауырларына, ағайын, туған-туыс, көрші-қолаң, барша халыққа қадірлі еді. Бір әулеттің ордасы, ұйытқысы, демеушісі болып отырған Майрамқұл (Марат) әкемізді еске ала отырып, Алладан рақым, Пайғамбарымыздан шапағат, топырағың торқа, жаның жәнатта болсын деп дұға бағыштаймыз.

Амал қанша, сені жоқтап күйгенмен,

Өтіп жатыр тірлік шіркін, күйбеңмен,

Қайтып сенің келмесіңді білсек те,

Алаңдаумен 40 күн өтті, іздеумен.

 

 

Сағындық жан әке қалжағыңды,

Ерте ойлап ең ағайын, жан-жағыңды.

Бір ауыз сөзге келмей кетіп қалдың,

Білмедім тағдырға не жазғаныңды.

 

Бар сағыныш тамшы боп ағар көзден,

Мәпелеп өсіріп-ең бәрімізді.

«Құлыным, ботақаным»-деген сөзің,

Кетер ме мәңгілікке есімізден.

 

Басшымыз, шаңыраққа тірегіміз,

Өзің деп мәңгі соғар жүрегіміз.

Арадан тағдыр алып кеткенімен,

Сені ойлап үзілмейді күндеріміз.

 

Ас берущілер: жұбайы – Гүлмира, ұлы – Әсет, бауырлары.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *